• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт Бүгін, 12:44

Жеңімпаз 300 000 доллар алады

10 рет
көрсетілді

Ресейлік функционер Умар Кремлев жетекшілік ететін Халықаралық бокс қауымдастығы (ІВА) ерлер арасындағы ІІ әлем чемпионатын 2-13 желтоқсан аралығында Дубайда өтетінін ресми түрде жария етті, деп жазады Egemen.kz.

Бұл жарыстың жүлде қоры мол. Мәселен, чемпиондық атаққа қол жеткізген саңлақтар 300 000 АҚШ доларын иеленеді. Жүлделі орындарды олжалағандар 150 000 мен 75 000-ды еншілейді. Тіптен бесінші орынға табан тіреген былғары қолғап шеберлеріне де сыйайқы қарастырылған.

Олар 10 000 доллардан алады. Жоғарыда аталған сомманың тең жарысы боксшыға берілсе, қалғанын жеке бапкері мен сол елдің ұлттық федерациясы өзара бөліседі